Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

жаналықтар каз

08.02.2024 жылы «Сәлем» әлеуметтік қалашығында семинар өтті.

2024 жылдың 08 ақпан күні «Сәлем» әлеуметтік қалашығында, Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай Қалалық ЖИТС орталығының маманы Индустриалды-техникалық колледж  студенттеріне науқан ұйымдастырды. Қатысушылар  АИТВ-ға  шалдығу  қаупі  төнген  адамның өмірлік  тәжірибесін  көрме  ішімен  15  минутта  интерактивтік серуендеу  арқылы  бастан  кешті.

Мамандар жастарға АИТВ-жұқпасы және ЖИТС  жайлы негізгі ақпарат беріп,  оның  жұғу  жолдарын,  алдын-алу   жолдарын,  онымен  байланысты  стереотиптер  жайлы,  АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу» және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бағдарламаға  үйрету ойындары мен талқылаулар кірді.

 

04.10.2023 «АИТВ-инфекциясын жастар арасында алдын алу» тақырыбында  №96 мектепте кездесу  өтті.

 🏫 Шымкент қаласының ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-нің ұйымдастыруымен, «АИТВ-инфекциясын жастар арасында алдын алу» тақырыбында, №96 мектеп жоғары сынып оқушыларымен кездесу өтті.

📈 Маман жастарға АИТВ-инфекция және ЖИТС  жайлы негізгі ақпарат беріп,  оның  жұғу  жолдарын,  алдын-алу   амалдарын түсіндіріп, сол арқылы жастардың өз еркімен тексерілуге талпынысын жоғарлатуға бас назар аударды.

👩🏻‍🏫 Сөз соңында сала маманы жастарды жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу» және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

📢 02.02.2024 ж. ЖАСТАР ЖИТС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫМЕН КЕЗДЕСТІ

 🏫 Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «АИТВ-инфекциясын алдын алу» тақырыбында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің жастарына дәріс өтті.

👩🏻‍🏫 Кездесуде Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес» жөніндегі орталығының маманы Жургенбаева Назира қатысып, салауатты өмір салтын ұстану қағидалары мен АИТВ-инфекциясын жұқтырмаудың амалдары  жөнінде айтып берді. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу» және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде де түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

📢АИТВ-инфекциясына өз еркімен тексерілуге ниет білдірген азаматтар өз таңдауы бойынша келесі түрде тексерілуі мүмкін:

1) анонимді/жасырын түрде (жеке басын куәландыратын құжат талап етілмейді);

2) құпия түрде (жеке басын куәландыратын құжат, үй мекен-жайы, телефон нөмірі көрсетіледі).

👩🏻‍💼Тексеру алдында АИТВ-инфекциясы бойынша тестілеуге дейінгі кеңес алуға болады. Тестілеуге дейінгі кеңес – адамға стрессті жеңуге және АИТВ -ға тексерілуге қатысты жеке шешім қабылдауға көмектесу үшін клиент пен кеңес беруші арасындағы құпия диалог.

👩🏻‍🔬 ЖИТС орталығында мына мекен-жай бойынша тексерілуге болады:

🏥 Шымкент, Кремль көшесі, 11/10

📞 +7(7252) 56-27-70.

🕘 Қан алу бөлмесінің жұмыс істеу тәртібі:

Жұмыс күндері сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін.

13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліс.

❌ cенбі жексенбі қан алу бөлмесі жұмыс істемейді

 

📢 Граждане изъявившие желание пройти добровольное медицинское обследование на ВИЧ-инфекцию, обследуются по их выбору:

1) анонимно (документы не требуются);

2)конфиденциально (предоставляется документ, удостоверяющий личность, домашний адрес, телефон).

👩🏻‍💼 Перед обследованием вы можете пройти дотестовое консультирование по вопросам ВИЧ-инфекции. Дотестовое консультирование —это конфиденциальный диалог между клиентом и консультантом, помогающим человеку справиться со стрессом и принять личные решения, связанные с обследованием на ВИЧ-инфекцию.

👩🏻‍🔬 Сдать анализ можно в центре СПИД по адресу:

🏥  г.Шымкент, ул.Кремлевская, 11/10

📞 +7(7252) 56-27-70.

🕘 График работы кабинета забора крови

В будние дни с 09.00 до 17.00.

с 13.00 до 14.00 обеденный перерыв.

❌В субботу и воскресенье кабинет забора крови не работает.

29.01.2024 ж. ОРТАҚ МҮДДЕЛІ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ ТҮЗІЛДІ

✍️ ««Сәлем» мәдениет және білім беру қоғамы» қоғамдық бірлестігі мен Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК мекемелері арасында бірлескен меморандум бекітілді.


🔹 Меморандум қоғамдық бірлестіктің аймағында орналасқан «ЭкСПИДиция» квесті негізінде,  жастар арасында АИТВ-ның алдын алуына бағытталған іс-шараларды жүргізу мақсатында түзілді.

 

24.01.2024 ж. ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен “Заң және заман” тақырыбында кездесу өтті. Кездесу №35 мектеп жастары арасында өтті.

Іс-шараға:Тұран ауданы қызметкері Зайнулаева Ақмарал Абибулақызы, Тұран ауданы полиция қызметкері Құдайберген Төлегенұлы, теолог маман Садық Диана, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық маманы Айгүл Тілеухановна және “Alem” мектебінің директоры  Алтынбек Срайылұлы қатысты. Жастар өз сұрақтарына жауап алып, оларға арнайы бейнероликтер көрсетілді.

#шымкент #ВИЧ #HIV #АИТВ #СПИД #AIDS #ЖИТС #арт #арвт #терапиявич #ДКП #ПКП #ИППП

@abay_zhastary

@shymqala_zhastary